Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жамбыл облысында 40-тан астам партиялық бақылау бекеті бар

21.06.2023ж. 20:00
741
Жамбыл облысында 40-тан астам партиялық бақылау бекеті бар

Жамбыл облысында 40-тан астам партиялық бақылау бекеті бар. Олар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын назарда ұстайды. Өңірде тағы екі бақылау бекеті ашып, аймақта салынып жатқан әлеуметтік нысандарға рейд жүргізді. Шайқорық ауылында 45 келушіге арналған амбулатория құрылысы жүріп жатыр. Төрт мыңнан астам түтін тұратын ауылда бой көтеріп жатқан медициналық мекемеге бюджеттен 272 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, Байзақ ауданында ашылған бақылау бекеті Сарыкемер ауылында 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр. Оның сапасы да партия назарында болмақ. Бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен жалақының уақытылы берілуін қадағалайды.

Ерғали ОМАРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКТОРЫ:

Сайлауда тұрғындарға берген өтініштердің орындалуын бірден-бір септігі. Сондықтын осыны партиялық бақылау әр ашылған нысынға партиялық бекеттерін құрып, құрылыс нысандарының толық аяқталғанға дейін партия өз бақылауына алып, ел игілігіне беруін қатаң қабылауында болады.