Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Үш жұмысшы күкірт қышқылына күйіп қалды

AstanaTV
21.06.2023ж. 19:22
882
Үш жұмысшы күкірт қышқылына күйіп қалды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 3 жұмысшы күкірт қышқылына күйіп қалды,-деп хабарлайды Астана Телеарнасы. 

Оқиға "СКЗ-U" ЖШС-на қарасты зауытта орын алған. Олар өндіріс орнында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Сол сәтте ақау шығып, зардап шеккен.

47 және 48 жастағы азаматтардың екеуінің жағдайы - орташа ауырлықта. Қазір ауруханада ем алып жатыр. Ал біреуі үйіне қайтарылған.