Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Сутенерлер мен жезөкшелер балаларды оқытқан

AstanaTV
21.06.2023ж. 23:38
1695
Сутенерлер мен жезөкшелер балаларды оқытқан

Еліміздің алты өңірінде сутенерлер мен жезөкшелер Art Sport бағдарламасы бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Бұл туралы депутат Нартай Аралбайұлы айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

«Art Sport жүзеге асқан 6 аймақта бұрын жыныстық қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар, притон ұйымдастырған және жезөкшелік жасаған адамдардың балаларды оқытуының 20 фактісі тіркелген. Бұл қалай сонда? Бұрынғы жезөкшеге, бұрынғы притон ұйымдастырған адамға біз қалай балаларымызды сеніп тапсырып отырмыз? Құзырлы органдар қайда қараған? Психологтар осы адамдар жаттықтырған балалармен жұмыс істеді ме? Балаларға бұрынғы жезөкшелер мен қылмыскерлер жаттықтырғанын қалай түсіндіруіміз керек? 6 өңір деп айттыңыздар. Осы тұрғыдан Бас прокуратураның өкілінен нақты қай өңірлер деп сұрағым келеді. Білейік, жасыратын дүние емес,—деді ол Мәжіліс отырысында.

Депутаттың сауалдарына Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің аға прокуроры Дулат Әшірбеков жауап берді. Айтуынша, бұл фактілер Алматы, Шымкент, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.

«Басқа аймақтар бойынша қосымша жауап береміз. Олар денешынықтыру жаттықтырушылары болып қызмет атқарды»,—деді аға прокурор.