Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Күдікпен ұсталған адам полицейлердің қызметтік көлігінде өзіне қол салды

AstanaTV
22.06.2023ж. 10:30
851
Күдікпен ұсталған адам полицейлердің қызметтік көлігінде өзіне қол салды

Алматыда көлік ұрлап қолға түскен күдікті ер адам полицейлердің қызметтік машинасында өзіне қол салды.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Оқиға Алматының Жетісу ауданында болды. Ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол салған.

«Қайтыс болған 43 жастағы И. есімді азамат өзінің танысының «Тойота» автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Мән-жайлар анықталуда», - деп хабарлады ведомстводан.