$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Биылғы бес айда электр самокаттарға қатысты 10 жол-көлік оқиғасы тіркелді

AstanaTV
22.06.2023ж. 13:24
1104
Биылғы бес айда электр самокаттарға қатысты 10 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Биылғы бес айда электр самокаттарға қатысты жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам мерт болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.

«2023 жылдың бес айында еліміз аумағында электр самокаттарға қатысты 10 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осының салдарынан бір адам мерт болды. Сонымен қатар, 11 адамның жараланғаны анықталды», - деді Қ.Сұлтанбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, аталған жол-көлік оқиғаларының жетеуі Алматы қаласында болған.

Комитет басшысы жеке адамдардың меншігіндегі самокаттардың жылдамдығын бақылау мүмкін болмай тұрғанын айтты.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мақұлданды.

«Электрондық самокат» ұғымы енгізіліп, ол ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады және олардың қозғалысы үшін тиісті орындар айқындалды.

Атап айтқанда, Заңмен енгізілген шарттар мен тыйымдарды сақтай отырып, жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шеті бойынша электр самокаттардың жүруіне рұқсат етіледі.

Электр самокатына тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруіне рұқсат етіледі. Шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгілене