$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылорда облысында күріш өндіретін алты кәсіпорынға 68 млн теңге айыппұл салынды

AstanaTV
22.06.2023ж. 16:32
858
Қызылорда облысында күріш өндіретін алты кәсіпорынға 68 млн теңге айыппұл салынды

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысында күріштің алты ірі өндірушісі мен көтерме сатушысына қатысты тергеуді аяқтады.

Агенттік мәліметінше, «Абзал и К» ТС, «Мағжан и К» ЖШС, «Жан-Арай» ЖШС, «Най-Мир» ЖШС, «Абай-Даулет» ЖШС және «Байдалиев К» ЖК күріш бағасын белгілеп және ұстап тұрғаны туралы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл фактілері анықталған.

«Тергеу қорытындысы бойынша күріш өндірушілер мен көтерме саудагерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Осы жылдың маусымында сот жоғарыда аталған күріш өндірушілерді жалпы сомасы 67,9 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты», - делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енді.