Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астаналық өрт сөндірушілер өрт ортасында қалған киіктің лағын құтқарып қалды

AstanaTV
22.06.2023ж. 16:47
1217
Астаналық өрт сөндірушілер өрт ортасында қалған киіктің лағын құтқарып қалды

Астанадағы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Талдыкөл маңындағы өрт ішінде қалған киіктің лағын құтқарып қалды.

Әлеуметтік желідегі еріктілер қозғалысының парақшасында жарияланған бейнежазбадан өрт сөндірушілердің құралайды қалай құтқарғанын көруге болады.

«Өрт сөндірушілер киік лағын құтқарған соң оның көзін жуып, сүт беріп, орман шаруашылығы инспекторына тапсырды», - делінген жазбада.

Өрт сөндірушілердің мейірімді әрекетіне сүйсінген желі қолданушылары бейнежазба астына жаппай пікір қалдырып, жылы тілек білдіріп жатыр. Бірі «Өрт сөндірушілер қазіргі заманның батырына айналды», «Өз өмірін қатерге тігіп, адамдарды ғана емес, жан-жануарларды да құтқарып жүрген нағыз ерлер» деп тәнті болса, енді бірі «Өрт салдарынан қаншама жануар қырылып қалды, өте өкінішті», «Лақтың енесі қайда екен?», «Табиғаттың жылдам құрып жатқаны өзекті өртейді» деп, табиғи апатқа бей-жай қарамайтынын білдірген.

Еске салайық, үш күн бұрын Астана маңындағы Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жол арасында қураған шөп пен қамыстан өрт шыққан болатын. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер құрғақ шөптің бықсыған аумақтарын өшіріп жатыр.