Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматыда күдікті полиция көлігінде өзіне-өзі қол салды

22.06.2023ж. 20:00
988
Алматыда күдікті полиция көлігінде өзіне-өзі қол салды

Алматыда көлік ұрлады деген күдікпен ұсталған ер адам полицияның қызметтік көлігінде өзіне-өзі қол салды. Оқиға Жетісу ауданында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, 1980 жылғы азамат ішімдік ішкен. Ол сол ауданда тұратын таныс әйелдің көлігін бұзып, ұрламақшы боп жатқан жерде ұсталған. Кейіннен күдікті тергеушілердің көлігінде суицид жасаған. Оқиғаның мән жайын құзырлылар анықтап жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматы қаласы полиция Департаменті қазіргі уақытта танысының «Тойота» автокөлігін ашық түрде ұрлады деген күдікпен ұсталған 1980 жылы туған И.есімді азаматтың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.