Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Германияда 400-ге жуық препарат сатылымда жоқ

22.06.2023ж. 20:00
726
Германияда 400-ге жуық препарат сатылымда жоқ

Германияда дәрі-дәрмек тапшы. Сатылымда халыққа қажетті 400-ге жуық препарат жоқ. Салдарынан 120-дан астам дәріхана жабылып қалды. Мамандар дәріхана кәсібінің болашағы бұлыңғыр дейді. Себебі шығын өте көп. Өткен аптада бүкіл ел бойынша барлық дәріхана тапшылыққа наразылық ретінде жұмыс істемей қойды. Олар қаржының құнсыздануына байланысты әр дәріге 12 еуро үстемақы қосуды талап еткен. Бірақ үкімет бюджетте артық ақша жоқ деп бұл талапты орындамады.