Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ауыл шаруашылығы кооперативтері 27,6 млн теңгеге дейін несие ала алады

22.06.2023ж. 20:00
710
Ауыл шаруашылығы кооперативтері 27,6 млн теңгеге дейін несие ала алады

Ауыл шаруашылығы кооперативтері 27,6 млн теңгеге дейін несие ала алады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Аграрлық сектор мәселелері жөніндегі Республикалық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Ауыл тұрғындары жылдық 2 жарым процент жеңілдікпен қарыз алу, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек ала алады. Биыл «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін 100 млрд теңге бөлініп, оған 17 мыңға жуық шағын несие беру жоспарланған. «AMANAT» партиясының Хатшысы мал өсіретін шаруашылықтарға несие бермес бұрын төрт түліктің азығы мен жайылымның жеткілікті болуын шешу қажет дейді. Сондай-ақ, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау мәселесі сөз болды.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Леңгер дейтін аудан орталығы бар Түркістан облысында. Сонда біз барғанда бір ауданның басында 2 мыңның үстінде ИП бар екен. Енді қандай мәселе? Дүкенге өткізе алмайды тауарларын. Дүкенге өткізу үшін құжат керек. Сертификат алу керек. Көрдіңіз бе? Енді дүкен алмағанмен ол Леңгердің жұртының бәрі Леңгердегі базарда сатып отыр тауарларын ол жерде уланып жатқан ешкім жоқ. Сондықтан олар бізге ұсыныс айтқан. «Ауылда жасалған» дейтін оңай сертификат алуға болатын лицензия берсеңіздер бізге.