Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шымкентте 5 жылда Жол картасын толық орындау үшін бюджеттен 1,2 триллион теңге қаражат қарастырылған

Шымкентте 5 жылда Жол картасын толық орындау үшін бюджеттен 1,2 триллион теңге қаражат қарастырылған

Шымкенттіктер 2027 жылға дейін таза ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қала тұрғындарының сапалы электр энергиясы мен табиғи газға қол жеткізуі де басты назарда. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы айтты. Ол «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындауға бағытталған қалалық Жол картасын таныстырды. Құжатқа сәйкес, қалада 90 мың жұмыс орны ашылады, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 230 мың адамнан асады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,2%-ға дейін төмендеп, 18 медициналық мекемелер ашылады. Бұдан бөлек 50 мектеп пен 10 қосымша ғимараттар салынады. Соның нәтижесінде мегаполисте үш ауысымды мектептер саны түбегейлі жойылады. Халықты тұрғын үймен қамту мақсатында бес жылдың ішінде 5,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Жалпы 5 жылда Жол картасын толық орындау үшін бюджеттен 1,2 триллион теңге қаражат қарастырылған.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы 2023 жылғы 159,8 млрд. теңге, 2024 жылға 186 млрд. теңге қаржы қаралып қойған. Бұл нақты бар қаржы. Бұл деген сөз – әрбір салынатын объектілер, әрбір жөнделетін мекеменің қаржысы бар. Ол жоспарға енген. Оны тек қана енді орындау, бақылау керек.