Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Қаржы жүйесінің инновациялық технологиялары: жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

22.06.2023ж. 20:00
885
«Қаржы жүйесінің инновациялық технологиялары: жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Еуразия ұлттық университетінде «Қаржы жүйесінің инновациялық технологиялары: жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара оқу ордасының профессоры Ботагөз Сапарованың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Белгілі ғалым - 200-ден астам ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің және халықаралық басылымдарда жарияланған 150 ғылыми мақалалардың авторы. Отандық білім беруді дамытуға қосқан үлесі мен қызметі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған. Алқалы жиында цифрландыру перспективалары, цифрлық экономиканы қалыптастыру және дамыту, инвестицияларды басқарудағы жасанды интеллект рөлі және цифрландырудың басқа да маңызды аспектілері талқыланды.

Ақылбек ІЛИЯС, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Таяуда халықаралық деңгейде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен әлемдік қаржы инстуттардың басшыларымен кездесіп, сол кездесуде көптеген мынау қаржы саласында, экономика саласындағы көтеріліп жатқан проблемаға назар аударылған. Біздің университет осы бағытта көптеген жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі конференциямыздың атауы да солай.