Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

100-ден астам дарынды бала «IQANAT» олимпиадасының жеңімпазы атанды

22.06.2023ж. 20:00
589
100-ден астам дарынды бала «IQANAT» олимпиадасының жеңімпазы атанды

Елордада ауыл оқушыларын қолдауға және сапалы білім алуға бағытталған «IQANAT» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Бәйгеге еліміздің 166 елдімекенінен 37 мыңға жуық оқушы қатысқан. Соның 824-і ақтық сынға жолдама алды. 120 бала грантқа ие болды.

Толқын НАРТАЕВА, «IQANAT» БІЛІМ ҚОРЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КООРДИНАТОРЫ:

11 оқушы келесі жылы 9 сыныпта бір жыл бойы мектептің онлайн дайындалуы бойынша мектепке дайындалады. 10-11 сыныпта аталған оқушылар сол жерде тегін оқитын болады. Ал басқа оқушылар біздің Жамбыл облысынан келген 3 жыл бойына ҰБТ-ке осы қордың қолдауымен дайындықтан өтетін болады. Одан бөлек оларда жазғы, қысқы дайындық сабақтары, көптеген жарыстар, сайыстар, екі апталық курстар, оқу-жаттығу жиындары «IQANAT» мектебінің базасында өтетін болады.

Білім бәсекесіне 8-ші сынып оқушылары қатысады. Балалар Олимпиадада 6 пәннен тест тапсырды. Сондай-ақ, оқушылар бір таңдау пәнінен сынға түсті. Осылайша, барлығына бірдей жеңімпаз атану мүмкіндігі беріледі.

Ибрахим ӘДІЛЖАНОВ, БҚО СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

Ең басында «IQANAT»-қа кірер кезде тест тапсыруға отырдық. Ол кезде менде көп қобалжу болды. Күні-түні дайындалғасын өзім дайындалған сұрақтар келді. Кішкене қиын сұрақтар болды. Логика жағынан қиын сұрақтар болды. Соны логикаға салып шештім.