Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

ШҚО-да газ құю станциясында болған жарылыстан екі адам күйіп қалды

22.06.2023ж. 20:00
733
ШҚО-да газ құю станциясында болған жарылыстан екі адам күйіп қалды

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы газ құю станциясында жарылыс болды. Салдарынан өрт шығып, 5 техника жанып кетті. Тілсіз жау көп ұзамай оқшауланды. Алдын ала болжам бойынша, от шарпыған аумақ - 80 шаршы метр. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үй мен орман қорына қауіп жоқ. Өрт сөндіруге 5 автокөлік пен 12 адам жұмылдырылды.