Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"Титаникті" тамашалау үшін мұхит түбіне түскен туристер қаза тапты

23.06.2023ж. 20:00
1262
"Титаникті" тамашалау үшін мұхит түбіне түскен туристер қаза тапты

"Титаникті" тамашалау үшін мұхит түбіне түскен 5 турист қаза тапты. Атлант теңізінде жоғалып кеткен «Титанның» бөлшектері табылды. Олар 4 мың метрлік теңіз түбіне жексенбі күні аттанған. 2 сағаттай уақыт өткенде сүңгуірлермен байланыс үзілді. АҚШ, Канада, Франция құтқарушылары 4 күн іздегенмен, қайықтың тек сынықтары табылды. Оның неліктен қирағаны әзірге белгісіз. Қаза тапқан адамдардың денесін табу қиынға соқпақ. "Титанның" ішінде оны ұйымдастырушы компанияның басшысы, француздық зерттеуші, британдық кәсіпкер және пәкістандық миллиардер ұлымен болған.

Джон МОГЕР, АҚШ ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ БІРІНШІ ОКРУГІНІҢ КОМАНДИРІ:

Бүгін қашықтан басқарылатын ROV аппараты Титаник жатқан жерден шамамен 488 метр қашықтықта шағын сүңгуір қайығының артқы бөлігін тапты. Бұдан қашық емес маңнан корпустың тағы бірнеше бөлігі шықты. Бұл қысым камерасының күл талқаны шыққанын көрсетеді.