Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбеде балабақша тәрбиешілері тиісті төлемақыдан қағыламыз ба деп қорқып отыр

23.06.2023ж. 20:00
791
Ақтөбеде балабақша тәрбиешілері тиісті төлемақыдан қағыламыз ба деп қорқып отыр

Ақтөбеде "Көктем" балабақшасының тәрбиешілері еңбек демалысына төленетін ақыдан қағыламыз ба деп алаңдаулы. Өйткені, бөбекжайдың аяқ астынан меншік иесі ауысып кеткен. Балабақша 2018 жылы сенімгерлік басқаруға берілген. Енді жергілікті билік бұл жүйе тиімсіз деп тауып, мектепке дейінгі ұйымды мемлекеттің меншігіне қайтарған. Басқарушысы аяқ астынан ауысқан білім ордасының қызметкерлері бұл жаңалықты естіп, бір жылғы еңбегіміз енді зая кете ме дейді.

Жанат ЖҰМАШЕВА, БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бұл кісілерді жаңадан жұмысқа алған кезде, бұл кісілерді жаңадан алған қылып сіз әлі бір жыл жұмыс жасамадыңыз, сізге «не положено» деп айтқан сөз түбінде заңда болып кете ма деп қорқамыз. Сауықтыруға беретін ақшасын, ия атқарып кеткен еңбек демалысына беретін төлемақысын ала алмай кетеміз деген қорқыныш тұр.

Ақтөбеде бес бірдей балабақша тап осындай жағдайда. Олардың барлығы да сенімгерлік басқарудан мемлекет меншігіне өткен. Бірақ қалалық білім бөлімінде тәрбиешілерге алаңдайтын негіз жоқ дейді. Құжаттарды рәсімдеу шаралары біткеннен кейін барлығының төлемақысы толық төленетінін айтады.

Меткүл ҚОСЫМБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сотрудниктер, барлық бала солайымен мемлекеттік мекемеге өтеді. 19 маусымға дейін маны жеке кәсіпкер мемлекеттік тапсырыс негізінде алып отырған қаражатымен толық бұл кісілерден осы күнге дейін есеп айырылсады, 20-нан бастап мемлекеттің тарапында болады.