Қазақстан
экономикасының жағдайы жақсы. Бұл жайында Ұлттық банктің бұрынғы басшысы, қазір
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Bloomberg
агенттігіне берген сұхбатында хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстан мұнай
бағасының құлауына әу бастан әзірленіп, үкіметтің бүкіл резервтерін
қадағалайтын тәуелсіз қор құрған. Қазір онда 70 миллиард АҚШ доллары сақтаулы.
Бұған қоса, монетарлы саясаттағы өзгерістер де өз әсерін берді. Келімбетов
Қазақстанның жаңа режимге, яғни инфляциялық шектеуге көшіп жатқанын жеткізді.
Бұған мұнайдың құнсыздануы, Ресей экономикасының құлдырауы мен Қытай
экономикасының баяулап кетуі түрткі болды деп түсіндірді. Осының арқасында
Қазақ елі бұл қиыншылықтардан аман-есен өтті, - деді. Сондай-ақ, ол инфляцияның
жыл соңына қарай 10 пайыздан төмен түсетініне сенім білдірді. Оның
пайымдауынша, бұл көрсеткіш қазіргі қиын-қыстау заманда жаман емес. Сонымен
қатар Қайрат Келімбетов мұнай өңдеуге қатысты жоспармен де бөлісті.
Қайрат
Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:
Біз
қазір тәулігіне мұнайдың 1,7 миллион баррелін өндіріп, әлемдегі мұнай өңдейтін
ТОП-20 елдердің қатарына енеміз. Бізде Қашаған мен Теңгіз сияқты алпауыт кен
орындары бар. Exxonmobile и Shevron компаниялары бізбен әрімен қарай да жұмыс
істеуге мүдделі. Сондықтан біз мұнай өндіруді екі есе ұлғайтып, 3 миллионға
дейін жеткізбекшіміз. Артынша әлемнің «үздік жетілігіне» кіретін ойымыз бар.
Абзал ҚҰРМАНКИН