Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жекешелендіру үрдісі бірқатар аймақтарда қиындық туғызып отыр

AstanaTV
14.10.2016ж. 20:00
3046
Жекешелендіру үрдісі бірқатар аймақтарда қиындық туғызып отыр

Жекешелендіру үрдісі бірқатар аймақтарда қиындық туғызып отыр. Сатылымға шығарылған кей нысандарға қызығушылық байқалмайды. Ондайлардың бағасы төмендетілсе де, халық алғысы жоқ, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының бастығы.

Нұрлан Можанов, ШҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының бастығы:

Үш сауда голландтық әдіс бойынша өтіп жатыр. Яғни бағасы төмендетіліп жатыр. Егер үш ретте сатылмаса, біз ол нысанды жоюға беруге міндеттіміз. Құрылысы аяқталмаған нысандар болса, олар да сатылады. Ондай ғимараттарды құрылыс материалдарына бұзып алғысы келетін шаруалар табылады.

Ал Павлодарда басқару жүйесіне сенімгерлікпен берілетін төрт нысан әлі де өтпей тұр. Мүлікті бағалау ашық конкурстар негізінде өтіп жатыр. Қаржы басқармасындағылар жекешелендірудің кешеуілдеуінің бір себебі осы деп отыр. Бүгінде  443 млн теңгеге төрт нысан сатылды.

Қадиша Беготаева, Павлодар облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары:

Павлодар орталық стадионын 31 тамызда сатылымға қойдық. Бірақ алам деушілер табылмады. Сондықтан байқауды қайталап жариялаймыз. Шынымен де, бірінші конкурс кезінде өтпейтін нысандар бар. Десе де, біздің сатылымға қойып отырған мекемелердің басым бөлігі - экономикалық потенциалы бар кәсіпорындар.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2014 жылдан бері 10 мекеме 523 млн теңгеге сатылып кеткен. Әзірге бір нысан банкрот деп танылған. Жамбыл облысында 26 нысанның бесеуі сенімді басқаруға беріліп, қалғанынан бюджетке 91 миллион теңге түскен.

Айгүл ӘДЕПБАЙ