Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстан өңірлері бойынша Құрбан айт намазының кестесі жарияланды

AstanaTV
24.06.2023ж. 07:37
1331
Қазақстан өңірлері бойынша Құрбан айт намазының кестесі жарияланды

28 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Құрбан айт намазының ел өңірлері бойынша әзірленген кестесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Құрбан айт мерекесінде мүмкіндігі бар әрбір мұсылман баласы Алла Тағаланың ризашылығы үшін құрбандық шалуы тиіс. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ, пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.


Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қасиетті "Құрбан айт" мерекесі қарсаңында ел азаматтарына үндеу жасап, аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және мал сату, құрбан шалу кезінде жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында мал сою орындарында, қоғамдық тамақтану және мешіттерде, үй жағдайларында сақталуы тиіс талаптар тізбектерін жариялады.