Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Абай облысында енесі мен келіні түрмеге жабылды

AstanaTV
24.06.2023ж. 08:45
907
Абай облысында енесі мен келіні түрмеге жабылды

Абай облысында енесі мен келіні жазасын өтеу үшін қауіпсіздігі ең төменгі мекемеге жіберілді. Олардың қылмыстық ісінің егжей-тегжейін өңірдегі Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, 2020 жылы енесі аса ірі көлемде ақша тартудан кіріс алу жөнінде қызметті ұйымдастырған. Осы мақсатта ол қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару бойынша қылмыстық іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оған келінін тартқан. Осыдан кейін келіні салымшыларды тартуға, олардың тізімін қалыптастыруға, сақтауға міндетті болған.

Жиналған қаражатты және оларды қайта бөлудің есебін жүргізген. 2020 жылы олар WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрып, онда инвесторларды тарту үшін маркетинг түрінде ақпаратты орналастырған.

Жалпы, олар 2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында өз мақсатына жету үшін жәбірленушілерден өздері құрған қаржы пирамидасына жалпы сомасы 300 миллионға жуық теңге, яғни аса ірі көлемде қаражат тартқан. Нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша сот оларды кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Енесі мен келіні жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төменгі мекемесінде өтейді.