$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Елімізде төлемдер мен төлем жүйесі қатаң бақылауға алынбақ

AstanaTV
07.04.2016ж. 20:00
1224
Елімізде төлемдер мен төлем жүйесі қатаң бақылауға алынбақ

«Visa» және «MasterCard» сынды халықаралық төлем карталарының қолдану ақысы біршама арзандайтын болды. Ұлттық банк осы бағытта арнайы бағдарлама әзірлеу үстінде. Сондай-ақ, төлем жүйесіндегі қауіпсіздік талаптары да біршама қатаңдатылмақ.

Бұл туралы  «Төлемдер мен төлем жүйелеріне» қатысты жаңа заң жобасын мәжіліс қарауына әкелген Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов мәлімдеді. Сөзіне қарағанда, қаржы орталығы, әсіресе, төлем қызметтерін ұсынушы жемекеншік ұйымдардың қызметін жіті назарда ұстауды көздеген. Бүгінде олардың саны да мейлінше артып отыр. Банкир «ең алдымен тұтынушы ақшасының қауіпсіздігі маңызды» дейді.

Алпысбай Ахметов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

Мысалға айтайын, «КИВИ» терминалына ақша салғанда, сіз оның нақты қайда кететінін және ол терминал қожайынының қандай міндеті барын білмеуіңіз мүмкін. Бәлкім, ақша мүлдем жоғалып кеткен де шығар. Сондықтан заң тұрғысынан, тұтынушы қорғалуы тиіс. Ол үшін бақылауды қатаңдату керек.  

 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах