Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ресей Қазақстанды техникалық регламентті мақұлдауға кедергі келтіріп отыр деп айыптайды

AstanaTV
07.04.2016ж. 20:00
1354
Ресей Қазақстанды техникалық регламентті мақұлдауға кедергі келтіріп отыр деп айыптайды

Ресей шенділері «Қазақстан техникалық регламентті мақұлдауға кедергі келтірді» деп мәлімдеді. Әңгіме трамвайларға қатысты. Яғни «ЛентоСфера» интернет басылымы жариялаған ақпаратқа сай, Қазақстан Кедендік одақ аясында көліктің осы түріне қолданылатын техникалық регламентті мақұлдауға кедергі келтіріп отыр-мыс. Мақалада "одақтас ел бекітілген стандарттарға қолын бір-ақ сілтеді" деген жолдар бар. Бұл Ресей көлік министрлігіне қарасты департамент директоры Алексей Бакирейдің сөздері. Оның пікірінше, Қазақстан Қытай мен Оңтүстік Кореядан шығатын трамвайларға қызығушылық танытып отырған көрінеді.

Бұл мәселе бойынша «Астана» арнасы жауапты ведомстволарға ресми сұрау салған. Әу-баста Ұлттық экономика министрлігі жауап беруге әзір еді. Алайда соңынан «бұл сұрақ біздің құзіретімізге жатпайды» деп мәлімдеді. Инвестициялар және даму министрлігі мен ведомствоға қарасты Техникалық реттеу және метрология комитетіндегілер де мардымды жауап бере алмады. Ал Ресей шенділерінің айыбы қаншалықты орынды? Бұл сұраққа әзірге жауап болмай тұр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА