Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Астана-Теплотранзит» инвестициялық жобалардың іске асырылуы жайында есеп берді

AstanaTV
14.10.2016ж. 20:00
2409
«Астана-Теплотранзит» инвестициялық жобалардың іске асырылуы жайында есеп берді

Биыл «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамына инвестициялық бағдарламаларды іске асыру үшін 1 млрд 200 мың теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл Астанадағы жылу энергиясын беруші және таратушы мекеме. Бүгін Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясы филиалының мамандары мен қалалық мәслихат депутаттары аталған бағдарламаның орындалу барысымен танысты.

Мекеме өкілдері, нақты жасалған жұмыстың нәтижесін есептей келе, алға қойылған негізгі талаптар орындалды, дейді. Биыл аталмыш кәсіпорын жаңғырту жұмыстарының арқасында 7,5 миллион теңгені үнемдеген. Сонымен қатар, жылу энергиясын тасымалдау кезіндегі жоғалту мен құбырлардың тозуын төмендету де - жобаның аясына кіретін талаптар. Осыған орай қалыпты әдістердің орнына ұзақ жыл қызметтен шықпайтын материалдар қолданылып жатыр. Партия өкілдері бұл бағыттың әлі де мән беретін тұстары бар екенін айтады.

Василий Курисько, «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасы:

Жылу жүйелерін модернизациялау және қайта жөндеу жұмыстары, жылу беруді бақылау және жақсартуға арналған техника сатып алу инвестициялық жобаның арқасында іске асты. Бұл қажетті қадам. Әсіресе, жаңа техниканың алынуы мамандарды апат болған жерлерге жылдам жетуіне, сондай-ақ істен шыққан құрылғының бүлінуін бірден тоқтатып, қалпына келтіру де аса қажет. Жөндеуге қыруар қаржы жұмсағанша, алдын алған тиімді екенін білесіз. Жаңарту жұмыстары 2015 жылмен салыстырғанда жылу энергиясының ысырабын 0,8 пайызға азайтты.

Жаңбыршы Нұркенов, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы «Айқын тариф» партиялық жобасының спикері:

Бұл үлкен мәселе бірінші біздің Елбасымыздың, біздің қала басшыларының күрделі жұмыстармен айналысқанының пайдасы. Сондықтан біз, қала тұрғындары, шынайы алғысымызды айтқымыз келеді. Міне, бүгін 14 қазанда қалада ұйымдасқан түрде жылу беру басталды. Сондықтан ойлаймыз, бұл бағдарлама әлі де жалғануға тиісті. Өйткені бұл Теплотранзиттің әлі де болса 55 пайыздай техникасы мен трубаларын айырбастау қажет.