Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ресейдің Бас прокуратурасы әскери көтеріліс әрекеті туралы мәлімдеді

AstanaTV
24.06.2023ж. 10:06
852
Ресейдің Бас прокуратурасы әскери көтеріліс әрекеті туралы мәлімдеді

Ростов облысының губернаторы тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды.

Ресейдің Бас прокуроры Игорь Краснов ел президенті Владимир Путинге қарулы көтеріліс ұйымдастыруға байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ресей Федерациясының ФСБ тергеу басқармасы 2023 жылдың 23 маусымында Е.В. Пригожинге қатысты заңды және негізді түрде қылмыстық іс қозғады. Оның іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Бұл қылмыс үшін 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - делінген Ресей Бас прокуратурасының мәлімдемесінде.

ВВС хабарлағандай, 23 маусымда «Вагнер» PMK құрушысы Евгений Пригожин мен Ресей Қорғаныс министрлігінің ұзақ уақытқа созылған қақтығысы шегіне жетті. Кәсіпкер «вагнеровшылар» лагерлеріне Қорғаныс министрі Сергей Шойгудің тарапынан жеке санкциялаған зымыран соққылары болғанын мәлімдеді (ал министрлік мұны жоққа шығарды). Осыдан кейін Пригожин «Әділет шеруін» бастайтынын мәлім етті, көптеген адамдар мұны қауіпті әскери төңкеріс жасау әрекеті ретінде қабылдады.

Ресейдің ресми билігі зымыран шабуылдары туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және мұның ақпараттық арандатушылық екенін жариялады.

Көтеріліс әрекетіне байланысты Ростов облысының губернаторы Василий Голубев аймақ тұрғындарына жүгініп, оларды үйлерінен шықпауға шақырды. Ол тұрғындарды сабырлы болуға шақырып, құқық қорғау органдары халықты қорғау үшін қажет нәрсенің бәрін істеп жатыр деп сендірді. Аймақтық ТЖМ Ростов облысындағы коменданттық сағат туралы есеп шындыққа жанаспайтынын айтты.