Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Малайзияда Димашқа медаль табысталды

AstanaTV
24.06.2023ж. 10:32
876
Малайзияда Димашқа медаль табысталды

Малайзияда әнші Димаш Құдайбергенге орындаушылық өнері үшін медаль табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайбергеннің Малайзияға сапары Малайзия City University оқу орнының басшылығымен, дипломатиялық корпус өкілдерімен, студенттермен, журналистермен және әртістің жанкүйерлерімен кездесуден басталды, деп жазады әншінің ресми сайты.

Малайзия қалалық университетінің негізін қалаушы және басқарушы директоры Датин Рохайда Шаари Димашқа орындаушылық өнер медалін берді.

"Димаш Малайзия қалалық университетіне музыка саласындағы еңбегін мойындағаны үшін алғысын білдіріп, Малайзиядағы ең танымал жоғары оқу орындарының бірінің беделді марапатын алу үлкен мәртебе екенін атап өтті", делінген хабарламада.

Баспасөз мәслихатында Димаш музыкалық өнер адамдарды бірігуге, балалардың өмірін, сүйіспеншілігін, достығын және болашағын сақтау үшін ұлттық, әлеуметтік, діни белгілер бойынша арандатушылықты тоқтатуға шақыратынын атап өтті.