Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтауда такси паркі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

AstanaTV
24.06.2023ж. 19:58
705
Ақтауда такси паркі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ақтауда такси паркі ақпарат ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жергілікті такси тасымалдаушыларының «Inservice» ЖШС такси агрегаторының («Indriver» қосымшасы) заңсыз әрекеттері туралы ұжымдық өтініші негізінде такси қызметтері нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізілді», - делінген хабарламада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Таксопарк Каспий» ЖШС («Inservice» ЖШС такси-мотор агрегаторының серіктесі) монополияға қарсы органның талабы бойынша ақпарат беруге міндетті. Алайда «Таксопарк Каспий» ЖШС қажетті ақпарат ұсынудан бас тартты.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен «Таксопарк Каспий» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК (345 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.