Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елена Рыбакина әлем рейтиңіндегі үшінші орнын сақтап қалды

AstanaTV
26.06.2023ж. 13:49
851
Елена Рыбакина әлем рейтиңіндегі үшінші орнын сақтап қалды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Жекелей сында Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина үшінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Берлинде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші раундында жеңілгеніне қарамастан, Қазақстанның бірінші ракеткасы рейтингтің үшінші қатарын сақтап қалды. Бірінші орында бұрынғысынша Польша өкілі Ига Святек, екінші орында белорус Арина Саболенко.

26 маусымдағы WTA рейтингі:

1(1). Ига Свитек (Польша) – 8940 ұпай.

2 (2). Арина Соболенко (Беларусь) - 8066.

3(3). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 5090.

4 (5). Джессика Пегула (АҚШ) - 4905.

5 (4). Каролин Гарсия (Франция) - 4845.

6(6). Онс Джабер (Тунис) - 3492.

7(7). Кори Гауфф (АҚШ) - 3305.

8(8). Мария Саккари (Грекия) - 3301.

9(9). Петра Квитова (Чехия) – 3101.

10 (12). Барбора Крейчикова (Чехия) - 2830.

53 (50) Юлия Путинцева (Қазақстан) – 981.