Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мәскеу мен Мәскеу облысында антитеррорлық операция режимі жойылды

AstanaTV
26.06.2023ж. 14:35
1022
Мәскеу мен Мәскеу облысында антитеррорлық операция режимі жойылды

Мәскеуде және Мәскеу облысында 24 маусым күні енгізілген лаңкестікке қарсы операцияның режимі Вагнер ПМК-ның әскери көтерілісіне байланысты жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің департаментінен хабарлады.

Өз кезегінде Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасында "террорға қарсы операция режимін енгізуге байланысты барлық шектеу" алынып жатқанын айтты.