Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астана маңында бір аптаға созылған өрт ауыздықталды

AstanaTV
26.06.2023ж. 14:57
658
Астана маңында бір аптаға созылған өрт ауыздықталды

Астана маңында өртенген құрғақ шөп сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өрт бүгін ауыздықталған.

"Елордалық өртсөндірушілер күшімен Талдыкөл көлі ауданында 80 гектар алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөп бүгін сағат 11.22-де ауыздықталды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Нұра ауданында Талдыкөл көлі маңында сортаңды жерде шамамен 50 гектар алаңда қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатқаны хабарланған еді.

Тілсіз жаумен күреске елордалық өртсөндірушілерден 143 адам және 21 техника, ЖАО-дан 11 адам және 10 суару машинасы, 1 трактор және "Астана орманынан" 10 адам және 4 техника, оның ішінде 1 трактор жұмылдырылды.