Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Головкин карьерасын жалғастырса орта салмаққа орала алмайды

AstanaTV
26.06.2023ж. 15:18
714
Головкин карьерасын жалғастырса орта салмаққа орала алмайды

Промоутер Эдди Хирн қазақстандық кәсіпқой боксшы Генадий Головкинді рингке қайта оралуы мүмкін екенін айтты. Бірақ спортшы бұрынғыдай орта салмақта сынға түсе алмайды, деп хабарлайды Stan.kz.

Промоутер сөзіне сүйенсек, қазақстандық боксшы карьерасын қайта қолға алса онда супер орта салмақтағы спортшылармен жұдырықтасады. Бұл қатарда Эдгар Берланга мен Хайме Мунгия бар.

“Ол Эдгар Берланга мен Хайме Мунгияға қарсы рингке шықса онда тамаша кездесу болар еді. Десе де Головкин Мунгияға қарағанда әлдеқайда танымал. Әрі жасына қарамастан соққылары да, боксы да ерекше”, - дейді промоутер.

Сонымен қатар Хирн Головкинді қатты құрметтейтінін және Мунгиямен кездесудің тезірек болғанын қалайтынына да тоқталған.

“Маған Мунгия да ұнайды. Бірақ Головкинмен салыстырғанда оны элиталық санаттың боксшысы деп айту қиын. Бірақ көрермен үшін өте қызық бокс кеші болатынына сенімім мол. Оның үстіне Генадий Нью-Йорк төріндегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасты. Басты сұрақ енді Головкин өз карьерасын жалғастыра ма? Осы жайтты шешіп алу керек”, - деп қорытындылаған сөзін Эдди Хирн.