Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Полицейлердің жасамаған ұрлықты мойнына ілгені рас па?

Полицейлердің жасамаған ұрлықты мойнына ілгені рас па?

Жасамаған ұрлықты мойына ілгені рас па? Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алты полицейдің ісі қаралып жатыр. Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне екі тұрғынды «мал ұрлығы қылмысын мойындату үшін ұрып-соқты» деген айып былтыр тағылған болатын. Жәбірленушілер басына пакет кигізіп, азаптағанын айтқан. Осыдан соң алты қызметкер қамауға алынған. Тергеу деректеріне сүйенсек, айыпталушылардың алды он айдан бері тергеу абақтысында отыр. Айта кетейік, сот отырысы жүріп жатқанына бесінші айдың жүзі болды. Полицейлердің кінәләрі дәлелденсе үш жылдан алты жылға дейінгі аралықта бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Бүгін бес айдан бері жалғасып жатқан сотта айыпталушы тараптың қорғаушылары мен туыстарының да айтары жоқ емес. Олар тергеу кезінде заңбұзушылық әрекеттер жасалғанын айтып, сараптамалар дұрыс жүргізілмеді дейді. Қазір сотта жан-жақты талқылаулар болып, істің ақ-қарасы анықталып жатыр.