Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырауда қала тұрғыны мен полиция қызметкерін итіне қаптырған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

26.06.2023ж. 20:00
673
Атырауда қала тұрғыны мен полиция қызметкерін итіне қаптырған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырауда қала тұрғыны мен полиция қызметкерін итіне қаптырған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол көп қабатты үйдің алдында тұрып, пәтеріне кірмек болғандарға итін айтақтап, қорқытқан. Қолынан жарақат алған жас жігіт полицияға хабар беріпті. Стаффорд тұқымдас қабаған ит көмекке келген тәртіп сақшысын бетін қызыл қанға бояған. Тісі мен қызыл етіне жарақаттаған. Дәрігердің көмегіне жүгінген. Түн ортасында тыныштықты ұрлап қана қоймай, тұрғындарға қауіп төндірген 32 жастағы қала тұрғыны ішімдікке сылқия тойып алған екен. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ит кинология қызметінде қамауда.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚК 380 бабы 3 бөлігіне сәйкес билік өкіліне қатысты қорқыту және күш қолдану әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті тұлға сол күні наркологиялық диспансердің сараптама нәтижесі бойынша мас күйінде екендігі анықталды.