Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Таразда «Street Workout» спорттық сайысынан жастар арасында жарыс өтті

AstanaTV
14.10.2016ж. 20:00
6144
Таразда «Street Workout» спорттық сайысынан жастар арасында жарыс өтті

Таразда "Street Workout" спорт түрінен жастар арасында жарыс өтті. Турнир "fight of areas" деп аталды. Көше ойыны ретінде танылған бұл бәсеке бүгінде жастар арасында танымал деген сөз.

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен өтті. Сонымен қатар, спорттық сайыстың өтуіне Қазақстан халқы ассамблеясы мен Street Workout Kazakhstan федерациясы мұрындық болды. Жастар алдымен 2 адамнан тұратын 7 жұп бойынша жарысқа түсті. Шағын денелі болса да, шымыр жігіттер турникке тартылудың түрлі тәсілдерін көрсетті. Ережеге сай турнир аула алаңқайларындағы спорттық құралдарда өнер көрсету бойынша өтті.

Баққелді Тұрсынбек, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

Street Workout қозғалысының нақты мақсаты - мынау еліміздегі үміттеріміздің тірегі жастарымызды бұқаралық спортпен қамту және де дені сау ұлт қалыптастыру. Тараз қаласы бойынша «Нұр Отан» партиясының қолдауымен 9 алаңқай ашылған Street Workout-ты қолдау мақсатында. Ендігі таңда аудандарда да ашылу үстінде.

Street Workout - бүгінде әлемге танымал спорт түрі. Америка мен Еуропа елдерінде кеңінен танымал. Онда 75 мемлекет те бар. Ал, Қазақстанға осыдан 3 жыл бұрын келген. Жас спорттың түрі кенжелеп кетпеуі үшін жамбылдық жастар жиі-жиі жарыс өткізіп тұрады. Жаға спорт Жамбылға енді енді ене бастағанда 400 бала айналысқан. Қазір жасөспірімдердің саны мыңнан асады. Ал, бұл жолғы бәсеке әлі де жалғасатын болады.

Нұрым Темірханов, "Street Workout Kazakhstan"  федерациясының Жамбыл облысындағы ресми өкілі:

Street Workout дегеніміз не? «Street Workout дегеніміз - бұл халықаралық қозғалыс және спорт түрінде танылған қазіргі жастардың трендіне арналған бір қозғалыс болып табылады. Street Workout-ты спорт ретінде тіркеу мақсатында қазір Ұлттық олимпиадалық комитетке біз федерация атынан құжаттарды дайындаудамыз.