Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Құрбандық шалу үшін адамның жағдайы болуы керек" - ҚМДБ өкілі

26.06.2023ж. 20:00
871
"Құрбандық шалу үшін адамның жағдайы болуы керек" - ҚМДБ өкілі

Айт күндері садақа беруге болады. Бірақ құрбандық шалудың сауабына есептелмейді.

Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малдары ғана жарайды. Ал, бір көзі соқыр, сойылатын жерге жете алмайтын дәрежеде көтерем, құлағы немесе құйрығы тумадан жоқ басым бөлігі кесілген, тістерінің көбі түсіп қалған, бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған мал жарамайды. Жалпы құрбандық шалу үшін адамның жағдайы болуы керек.

Батыржан МАНСҰРОВ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УАҒЫЗ-НАСИХАТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қарыз алып құрбан шалу міндет емес. Өйткені, құрбан шалу үшін адамның жағдайы болуы керек. Мүмкіндігі бар адам құрбан шалу керек, ал жағдайы болмаса қарызданып құрбан шалудың қажеті жоқ. Алайда құрбан шалудың сауабынан құр қалмайын, мен де құрбан шалайын деген мақсатта қарыз алса, ол болады. Бірақ, шамасына қарау керек.