Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Күн сәулесі терінің қатерлі ісігін туғызуы мүмкін

26.06.2023ж. 20:00
1194
Күн сәулесі терінің қатерлі ісігін туғызуы мүмкін

Былтыр елімізде 4000-ға жуық тері обыры мен 336 меланома жағдайы тіркелген. Сондықтан күн сәулесінен туындайтын тері ауруларына бей-жай қарамау керек дейді дәрігерлер. Күн шуағының зиянды әсері көп.

Жанар Адаеваның күн аллергиясымен күресіп келе жатқанына 8 жыл болған. Дәрігерлер ұсынған препараттар көмектеспейтін көрінеді. Денені түгел дерлік жауып тұратын киім киіп, күннен қорғанғаннан басқа амалы жоқ.

Жанар АДАЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менің аллергиям негізінде 7-8 жыл болды осы. Әсіресе, жаз айларында ыстық күндері қай жерім ашық: қолдарым, аяғым, мойным бөрткендер толып кетеді. Күн сәулесі қатты болса одан да өршіп кетеді. Дерматологқа бардым негізі. Жақпа майлары маған ешқандай әсер берген жоқ ол. Жылда солай қайталанады.

Күн сәулесі бактерияларды құртады, «Д» дәруменін көбейтеді. Бірақ, шамадан тыс болса, ағзаға кері әсер етеді. Терінің қатерлі ісігі, фотоқартаю, фотодерматит- күн сәулесін шектен тыс қабылдаған адамдарды күтіп тұрған ең қауіпті аурулар. Мамандардың айтуынша, тері қатерлі ісігінің жиілігі ер адамдарға қарағанда әйелдерде 62 процентке жоғары.

Жұлдыз БЕРДІМҰРАТҚЫЗЫ, ДЕРМАТОЛОГ:

Күн сәулесінің теріге әсері біріншіден, ол жаңағы фотоқартаюға алып келуі мүмкін ультракүлгін сәулелері. Екіншіден, ол күн сәулесінің күйіктеріне шалдығуы мүмкін адамдар егер де, күнде өте көп жүретін болса. Үшіншіден, әртүрлі тері ауруларын қоздыруы мүмкін. Оның ішінде әртүрлі кератоздар, әртүрлі фотосезімталдықтың әсерінен болған бөртпелер аллергиялық және терінің қатерлі ісігіне де ультракүлгін сәулелері алып келуі мүмкін.

Тал түсте құм үстінде жатып күнге күю – өз денсаулығыңызға қастандық жасағанмен бірдей. Дәрігерлер таңертеңгі сағат 9 бен түскі 4тен кейінгі уақытты ең қолайлы деп атады. Бастапқы 15 минут дененің сезімталдылығын байқау қажет, кейін барып қана қыздырыну уақытын ұзартуға болады. Сондай-ақ, арнайы күннен қорғайтын крем пайдаланып, жазғы бас киім киюі тиіс. Аталған ережелер сақталмаса, бас, тері ауруларына әкеп соқтырады.

Эльнура АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ, КОСМЕТОЛОГ:

Ер адамдарға да күннен қорғану керек. Әсіресе, бізде ер адамдар көбінесе көлікте жүреді. Көліктен жаңағы күн сәулесінің прямой лучи света көліктен түседі. Және де ол тері әртүрлі тері ауруларына болашақта алып келуі мүмкін.

Әсіресе, терісі аққұба, сепкілге бейім жандардың күн көзінде ұзақ жүруіне болмайды. Сондай-ақ, шамадан тыс күнге күю – мең мен қалдың өзгеруіне әкеледі. Ондай жағдайда дәрігерге қаралу міндетті. Әйтпесе, терінің қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін.