Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде 17-дегі жасөспірім 8 жылға сотталды

27.06.2023ж. 20:00
836
Ақтөбеде 17-дегі жасөспірім 8 жылға сотталды

Ақтөбеде 17-дегі жасөспірім 8 жылға сотталды. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған түзету мекемесінде өтейтін болады. Ол абайсызда өз ауылдасын өлтіріп алған. Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр желтоқсан айында Шалқар ауданы Бегімбет ауылында болды. Ішімдік ішкен бір топ жоғарғы сынып оқушылары өздерінен екі сынып төмен оқитын балаларға қоқан -лоққы көрсеткен. Сапқа тұрғызып қойып, оларды сабаған. Сол кезде 14 жастағы Рустем Жалмұрат есінен танып құлаған. Балалар оның бетіне қар шашып тұрғызып алмақ болған. Бірақ Рустем сол жерде көз жұмады. Тергеу алты айға созылды. Соққыға жыққан жасөспірім жауапқа тартылып отыр. Сондай-ақ сотталушыдан жәбірленушінің отбасына 11 миллион теңге көлемінде моральдық, материалдық шығын өндірілмек.

Мираш ЖҮГІНІСОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Мұхамедияр Ғанибекұлы Достанов ҚР ҚК 106 бабы үшінші бөлігі көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Достановтың жазасын өтеу орны ретінде кәмелетке толмағандарды ұстауға арнлаған Қылмыстық атқару жүйесі орташа қауіпсіз мекемесі тағайындалсын.