Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындар әлі өтемақы алмаған

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындар әлі өтемақы алмаған

Арыс қаласындағы жарылыстан үйлері қираған тұрғындардың кейбірі әлі күнге өтемақы алмаған. Сол оқиғадан бері арада төрт жыл өтсе де, шығынымыз өтелмей келеді,- дейді шағымданғандар. Айтуларынша, арыстық 55 азаматтың бүлінген мүлкі содан бері бүтінделмеген. Жапа шеккендер 1 млрд теңгедей қаражат уәде етілгенін айтады. Алайда онысы құрғақ сөз күйінде қалып келеді деп биліктегілерге өкпелі. Мәселенің жуырда шешілетінен күдер үзген тұрғындар сотқа да жүгінгендерін жеткізді. Халықтың шығыны өтелсін деп шешкенмен сот орындаушыларының талабы әзір орындалар емес дейді. Арнайы комиссия әу баста жарылғыш заттан қирап қалған баспаналарды күрделі жөндеуге жарайды деп шешкен. Бірақ жөнделмеген.

Ержан ӘБДІРАМАНОВ, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен капитальный ремонтқа келіскем негізі. Бірінші, екінші жаппаны алып тастаймыз деп олар солай уәде берген. Кейін бірінші жаппаны ашты да, екінші жаппаны алмаймыз дейді. Сөздерінде тұрмады да. Сосын мен келіспей, оларды шығарып жібердім. +Қазір сол Арыс аудандық соты бірінші соттан біз жеңдік, одан кейін аппеляциялық екінші сот болды. Оны да жеңіп, ақшасын төлемей жатыр ғой. Сот орындаушылар әлі орындата алмай жатыр.

Тұрғындар қираған мүлкін өздері жөндеп алуға қалта көтермейтінін айтады. Құрылыс материалдары тым қымбаттап кеткен. Мәселеден енді хабардар болдық деген жергілікті әкімдік өкілдері жағдайды жақсы түсінгенмен қолдан келер қайыр болмай тұрғанын көлденең тартып отыр.

Нұржан ҚҰТТЫБЕК, АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Өйткені бұл мәселе Қорғаныс министрлігі тарапынан жүргізіледі. Сот тұрғындар мен ол жердегі әскери бөлім арасында болған мәселе, компенсация. Бірақ Арыс қаласы әкімдігі тарапынан, Гүлжан Мамытқызының тарапынан Қорғаныс министрлігіне осы кісілердің мәселесін қарау туралы хат жолданған болатын.