Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанда пойыз билеттерін сатудың жаңа ережелері күшіне енді

27.06.2023ж. 20:00
587
Қазақстанда пойыз билеттерін сатудың жаңа ережелері күшіне енді

Жаз басталса, пойызға билет таппайсың. Жылда осындай жағдай. Бірақ, құзырлылар бұл олқылықты жоямыз дейді. Билет сатудың жаңа ережесін енгізбек. Ол қандай ереже? Дәрібек Бахытбек тарқатып айтады.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Мен 5 шілде күні туған жерім Шымкентке қайту үшін билет алуға келдім. Өкінішке қарай билет жоқ. Бұл бірінші рет емес, жылда жаз басталса осылай. Жұрт діттеген жеріне жете алмай, сабылып жүреді.

Нұрболат Бекжігітовтің де билет ала алмай жүргеніне 1 айдан асыпты. Оның айтуынша, ортада алыпсатарлар бар. Бар билетті солар сатып алады да, оны екі есе қымбат етіп қайта сатады.

Нұрболат БЕКЖІГІТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір жарым алдынғы айларға жоқ билет. Таппай жүрміз. Келерге де билет жоқ. Автобуспен қайтуға мәжбүрміз енді. Көріп отырсыз қанша ма халық сенделіп жүр билет таппай.

Елімізде жолаушылар тасымалы үшін 2 мыңға жуық вагон қатынайды. Бірақ, соған билет табу қиын. Вокзалдан шыққан жолаушының бәрі керегін таппай жүр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Билет алдыңыздар ма қазір?

- Жоқ.

- Билет таусылып қалған ба?

- Қай күнге, қай жаққа алуға келіп едіңіздер?

- Ертең, арғы күні, ертеңге Қызылордаға билет жоқ.

- Иә, билет жоқ, вокзалда. Шығыс өңіріне. Жақын ара 10 күнге де жоқ жақында.

- Билет жоқ қой, қаяқтан аламыз билетті.

Мамандар билетті ерте алып қоюға кеңес береді. Себебі, жазда әрі-бері баратындар көбейеді. Егер алдын ала алуға мүмкіндігіңіз болмаса, арнайы күту парағын пайдаланған жөн.

Мәди МҰХАМЕДҚАЛИ, "ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ" АҚ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күту парағы бұл билетті билет.тревель.кз сайтында бар. Егерде мысалы бағыттар маршуттар таңдағаннан кейін күнің таңдағаннан кейін билетке тапсырыс батырмасын басқаннан кейін орын жоқ болса, сол сайттың төмен қабатында арнайы күту парағына өту. Сол күту парағына өткеннен кейін барлық қажетті құжаттағыны мәліметті енгізе отырып сол жерде бір сөзбен айтқанда резьервке қоясыз.

Бүгіннен бастап елімізде билет сатудың жаңа ережелері күшіне енді. Яғни, билет сату уақыты өзгерді. Енді оны сату пойыздың жөнелтілуіне 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ал билетті ауыстырып және қайта рәсімдеу жолаушының осы станцияға келуі мен оның осы станциядан кету уақыты арасындағы кемінде 1 сағаттық айырмашылықты ескере отырып жүзеге асырылады. Бұрын айырмашылық кемінде 3 сағат болатын.