Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Сөздің қуаты мен қадірін білетін журналист шынайы ақпарат ұсынады», - Е. Қошанов

27.06.2023ж. 20:00
650
«Сөздің қуаты мен қадірін білетін журналист шынайы ақпарат ұсынады», - Е. Қошанов

"AMANAT" медиа сыйлығының иегерлері анықталды. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай ұйымдастырылатын шара осымен қатарынан он төртінші рет өткізіліп отыр. Осы уақыт аралығында конкурсты өткізу тәртібі мен ережесі жетілдіріліп, аталымдар мен арнайы сыйлықтар қатары толықты. Салтанатты рәсімді «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов ашты. Ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, "бұл журналистердің ғана емес, халықтық мереке" екенін атап өтті.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шын мәнінде бұл күн, журналистердің ғана мерекесі емес. Бұл қоғамдық, халықтық мейрам деп айтуға болады. Өйткені, қазір ақпараттың заманы. Ақпарат қоғамдағы ажырамас, бүгінгі күнде, құндылыққа айналды. Сондықтан журналист мамандығы өте маңызды әрі мәртебелі мамандық.

Биыл байқауға 300-ден аса адамнан 2 мың жұмыс келіп түсті. Оның басым көпшілігін аймақтағы ақпарат саласының өкілдері жолдады. 7 номинация мен 3 арнайы сыйлық бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың арасында «Астана» телеарнасының Қостанайдағы меншікті тілшісі Заңғар Санай бар. Әріптесім Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығын иеленді.

Заңғар САНАЙ, «ТЕЛЕВИЗИЯ ҮЗДІГІ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

Өте толқып тұрмын. Өйткені, қос аңыз, қос тау тұлғаның атындағы сыйлықты алу мен үшін үлкен мәртебе. Мен жұмыс істеп жатқан 30 жылдық тарихы бар Астана телеарнасының атынан мені ұсынған арна басшылығына және осы байқауды ұйымдастырған «Аманат» партиясына шексіз алғыс.