Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалы басталады

AstanaTV
28.06.2023ж. 13:19
1183
Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалы басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының алғашқы ойындары өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысында 18.00-де «Астана» мен «Ордабасы», 21.00-де «Тобыл» мен «Атырау» командалары кездеседі.

Екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, бұған дейін «Астана» қызылордалық «Қайсар», түркістандық «Тұран» командаларын орта жолда қалдырса, «Ордабасы» Түркістан облысының «Мақтарал» мен Петропавлдың «Қызылжарын» жеңді.

Ал «Тобыл» Павлодар облысының «Ақсу», Қарағандының «Шахтер», «Атырау» «Ақтөбе», Алматының «Қайрат» командаларының осал тұсын тапты.