Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақтөбеде скутер жеңіл көлікпен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты

29.06.2023ж. 20:00
623
Ақтөбеде скутер жеңіл көлікпен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты

Ақтөбеде жол апатынан жасөспірім қаза тапты. Ваз 21103 автокөлігі мен кәмелетке толмаған бала тізгіндеген скутер соқтығысқан. Ауыр жарақат алған скутердің 17 жастағы жүргізушісі қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Алайда бірнеше сағаттан кейін ол алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Ал оның қасындағы 19 жастағы жігіт ауруханада жатыр.

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345 бабы үшінші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.