$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Атырау облысында ұлы әкесін ұрып өлтірген

29.06.2023ж. 20:00
1349
Атырау облысында ұлы әкесін ұрып өлтірген

Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді. Оқиға Индер ауданындағы Есбол ауылында болған. Отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Белгілісі 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек, қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қармастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Индер ауданындағы адам өліміне қатысты қазіргі таңда ҚК 106-бабы 3-бөліімен адамға қасақана дене жарақатын салу нәижесінде адам өліміне әкелген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медицианлық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір -біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр.