Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Мәслихат депутаттары әкімдіктердің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатыса алады», - министр

30.06.2023ж. 20:00
1090
«Мәслихат депутаттары әкімдіктердің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатыса алады», - министр

Енді мәслихат депутаттары әкімдердің халықпен кездесуі барысында көтерілген проблемалардың мониторингін жүзеге асыра алады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Тіпті әкімдіктердің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатыса алады. Қажет болған жағдайда жергілікті қазынаны нақтылауға бастама жасау құқығы болмақ.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Мәслихат депутаттарының мәртебесі мен дербестігін арттыру үшін мәслихат хатшысының лауазымы мәслихат төрағасы болып қайта құрылды, тұрақты комиссиялар төрағаларының екі лауазымы енгізілді, сондай-ақ, бюджет қаражаты есебінен мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру көзделген.

Барлық өңірден келген мәслихат депутаттары бір-бірімен тәжірибе алмасты. Жергілікті жердегі мәселелерін министрлерге жеткізді. Пікір алмасты, бірлесе шешу жолын талқылады. Бұл форум халық аманатын арқалаған жергілікті депутаттар үшін үлкен алаң болды.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

«АМАNАТ» партиясының да жаңаруы осылай басталады. Біз көп мәслихат депутаттары мен Мәжілісмендермен кездесіп жатқан кездегі бірінші мәслихат депутаттарының қоятын сұрағы «Біз Үкімет мүшелерімен кездескіміз келеді, оларға қоятын сұрақтарымыз бар. Жергілікті мәселелер бар. Біз Премьер-Министрді, болмаса лауазымды тұлғаларды көбінде көрмейміз». Бүгінгі форумды оданда ұзақ өткізуге болатын еді. Бірақ біз бүгін сөйлеген әрбір мәслихат депутатының пікірінен үкіметке көп мәселелер бар екенін жеткіздік.