Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматыда Халықаралық «International Haileybury FIRST Championship» чемпионатының жеңімпаздары анықталды

AstanaTV
01.07.2023ж. 09:57
661
Алматыда Халықаралық «International Haileybury FIRST Championship» чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Алматыда Халықаралық «International Haileybury FIRST Championship» чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, «Champions Award» номинациясында Орал қаласының «HighTech» командасы, «Winning Alliance Captain» номинациясында Алматы қаласының «Balga men Shege» командасы, «Inspire Award Winner» номинациясында Жаңаөзен қаласының «Rebels» командасы жеңімпаз атанды.

International Haileybury FIRST Championship чемпионатына Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан және Өзбекстаннан барлығы 250-ден аса оқушыны қамтитын 36 мектеп командасы қатысты.

«Робототехника бойынша халықаралық International Haileybury FIRST Championship чемпионатын Алматы қаласының Білім басқармасы «USTEM Robotics» қорымен және Haileybury Almaty халықаралық мектебімен бірлесе отырып, Алматыда 28-29 маусымда өткізді. Чемпионаттың негізгі мақсаты – ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласындағы дағдыларды дамыту, ғылым, технология және техника саласында шетелдік ұжымдармен тәжірибе алмасу, түрлі шет елдердің жастары арасындағы қарым-қатынас пен достықты нығайту», - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Әр номинация бойынша чемпионат жеңімпаздары мен үздік номинация иегерлері Білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға Қазақстан-Британ техникалық университеті мен «Тұран» университетінің білім гранттары табыс етілді.