Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Кентауда фаст-фудтан уланған 92 тұрғынның 17-сі ауруханадан шықты

AstanaTV
01.07.2023ж. 18:18
605
Кентауда фаст-фудтан уланған 92 тұрғынның 17-сі ауруханадан шықты

Кентауда фаст-фудтан уланған 17 тұрғын ауруханадан шықты. Бұл туралы Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғазиза Егембердиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астан улану диагнозымен 92 адам дәрігерге қаралған. Оның ішінде 67 науқас стационарда емделді. Ал жеңіл түрлері амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр. Бүгінгі күні 17 тұрғынның жағдайы жақсарып, ауруханадан шықты. Қазіргі кезде жағдайы ауыр науқастар жоқ. Қоғамдық тамақтану орнында тексеру жүргізіліп, іс шаралар атқарылуда», - деді Ғазиза Егембердиева.

Айта кетейік, Кентау қаласында орналасқан «Ризық-Рауаны» фаст-фуд орталығында тамақтанған 92 адам уланып қалғанын жазған болатынбыз. Олардың ішінде 14 жасқа толмаған 40 жасөспірім, 3 жүкті әйел бар. Аталған жағдай бойынша Кентау қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.