Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астананың 25 жылдығы құрметіне 100 теңгелік монета шығарылды

AstanaTV
01.07.2023ж. 19:29
1223
Астананың 25 жылдығы құрметіне 100 теңгелік монета шығарылды

Қазақстан Ұлттық банкі 1 шілдеде елорданың мерейтойына орай «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ASTANA. 25 JYL» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, шақалар 3 шілдеден бастапҰБ-ның интернет-дүкені арқылы сатылады.

«STANA. 25 JYL» монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 20 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.