Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қарағанды облысында спорт кешені опырылды

AstanaTV
02.07.2023ж. 14:04
903
Қарағанды облысында спорт кешені опырылды

Қарағанды ​​облысы Нұра ауданы Шұбаркөл ауылында куәгерлер спорт кешенінің опырылған сәтін видеоға түсіріп алған. Бұл жайтқа қатысты аудан әкімдігі мен ғимаратқа иелік ететін компания пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғимараттың опырылған сәтінен видео желіде тарады. Желі қолданушыларының жазуынша, жергілікті карьер жұмысшылары күн сайын бос уақыттарын осы спорт кешенінде өткізеді. Бұл оқиғаға қатысты Нұра ауданы әкімдігі пікір білдірді. Әкімдік спорт кешені "Шұбаркөл көмір" АҚ-ға тиесілі екенін хабарлады. Компанияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, ғимаратта сәуір айынан бері жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Центральный" кенішінің аумағындағы мәдени-спорт кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимарат 1989 жылы салынған. 25 маусымда "Шұбаркөл көмір" АҚ вахталық қалашығындағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мәдени-спорт кешенінің қабырғасы жартылай опырылды. Кәсіпорын қызметкерлерінен де, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйым тарапынан да зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда", – делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ компания өкілдері компания қызметкерлерінің бос уақытын ұйымдастыру үшін вахталық қалашықта 2019 жылы салынған ашық футбол алаңы мен воркаутпен айналысуға арналған алаң бар екенін атап өтті.