Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мәскеуде іздеуде жүрген Қазақстан азаматы табылды

AstanaTV
02.07.2023ж. 14:47
807
Мәскеуде іздеуде жүрген Қазақстан азаматы табылды

Полицейлер Ресей Федерациясының территориясында Ақмола облысында іздеуде болған жігітті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Степногорск полиция басқармасы ҚР ҚК 107-бабы бойынша 2021 жылы 26 жастағы жігітке қатысты "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің рақымшылық науқаны кезінде тоқтатылғаны белгілі болды. 2022 жылдың соңында шекарадан өтуге рұқсат алғаннан кейін ол елден кетіп қалған. Алайда, мамыр айында жәбірленуші ескі факт бойынша полиция бөліміне арызданып, полицейлер оған мемлекетаралық іздеу жариялады.

Нәтижесінде 29 жастағы ер адам Ресей Федерациясының территориясында, Мәскеуде екені анықталды.