Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жамбылдық балуан 2023 жылғы “Қазақстан Барысы” атанды

AstanaTV
02.07.2023ж. 22:11
1063
Жамбылдық балуан 2023 жылғы “Қазақстан Барысы” атанды

Қазақ күресінен 2023 жылғы "Қазақстан Барысы" турнирі аяқталды. Кіл мықты балуандар бәсекесінде жамбылдық балуан Ғалымжан Қырықбай жеңімпаз атанды, деп жазды massaget.kz

Биылғы балуандар бәсекесінде 41 үміткер бақ сынады. Ал финалға маңғыстаулық Нұрләулет Жарылғапов пен жамбылдық Ғалымжан Қырықбай сүрінбей жетті. Қос балуанның белдесуі тартысты өтіп, қоян-қолтық айқаста екіншісінің мерейі үстем болды.

Ғалымжан Қырықбай бұған дейін "Қазақстан Барысында" күміс те, қола да жүлдегер болған. Биылғы бәсекеде алтын тайтұяқ пен 25 миллион теңгені иеленді. Ал "Қара бура" Нұрдәулет Жарылғапов екінші рет жарыстың күміс жүлдегері атанды.