Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Бір аптада Қазақстанда 2 587 қылмыс тіркелді – ІІМ

AstanaTV
03.07.2023ж. 14:07
451
Бір аптада Қазақстанда 2 587 қылмыс тіркелді – ІІМ

Бір аптада еліміз аумағында 2500-ден астам қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір аптада 2587 қылмыс жасалды, оның 1529-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты – 7, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты – 5, сондай-ақ 27 тонау және 336 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – деді Ш. Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.

Сондай-ақ өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өткен. «Полиция жұмысының сервистік моделі енгізілуде.

«Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын енгізуге бағытталған нақты шаралар қабылданды. Енді осы қарқын қандай жағдайда да төмендемеуі керек. Біз пилоттық жоба аясындағы нәтижелермен шектелмеуге тиіспіз. Сонымен қатар сотқа дейінгі іс жүргізу де басты назарда болуы қажет», – деді Мемлекет басшысы.